Ағылшын тілін үйреніңіз – уақыт күтпейді!
Business IQ оқу орталығы Орал қаласында балалар мен ересектерге ағылшын тілін үйрету
+7 778 341 24 83 +7 777 088 70 30 +7 7112 504 117 Орал қ., Досмухамедов көш., 43

Ересектерге арналған

Ағылшын тілісіз халықаралық бизнес, саясат және мәдениет әлеміне шығу өте қиын екендігі құпия емес. Ағылшын тілі курстары сіздерге тек тіл иесінің деңгейінде қарым-қатынас жасауды үйретіп қана қоймай, сол сияқты шетелдік клиенттермен және серіктестермен табысты қарым-қатынас жасау ережелерін де үйретеді. Болашаққа инвестициялау ешқашан кеш емес – және сіз біздің орталыққа келіп, оны жасай аласыз.

14 жастан бастап және одан жоғары жастағы ересектерге арналған оқыту алты деңгейде, Beginner деңгейінен бастап Advanced деңгейіне дейін жүргізіледі.

Сабақтар күн сайын аптасына 5 рет 6-8 адамнан тұратын топтарда, 2-ден 4 адамға дейін шағын топтарда және жекелей өткізіледі.

Оқу формасын анықтамас бұрын, біз ағылшын тілін білу деңгейін анықтау үшін тегін тестілеуді өткіземіз, сонымен қатар оқыту нысанын таңдауға қатысты нұсқаулар береміз. Олардың әрқайсысында өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Топта жұмыс жасай отырып, сіз тілдік кедергілерді жылдам еңсеріп, қызықты адамдармен танысасыз, жаңа достарды табуыңыз да мүмкін.

Тек жалғыз кемшілігі бар – бұл бағдарлама сабақтар кестесі бойынша жоспарланған және белгілі бір мерзімге есептелген, сондықтан сіз курсты уақытынан бұрын меңгере алмайсыз. Егер сіз қарқынды түрде үйренуді қаласаңыз, онда өз таңдауыңызды жекелей немесе шағын топта оқытуға тоқтатқаныңыз дұрыс болады. Мұнда біз сіз үшін ыңғайлы болатын кесте жасаймыз. Біз оксфордтық білім беру жүйесін пайдаланамыз. Оқу бағдарламасы сабақтарды түрлендіруге мүмкіндік беретін аудио және бейне материалдардың, көркем әдебиет пен оқу құралдарының кең ауқымын тарту арқылы New Headway кешенінің оқу материалында негізделген.

Біздің оқытушылар интерактивті оқытуды кеңінен қолданып, психологиялық сипаттағы тосқауылдарды алып тастауға тырысады. Оқытуда шетел тілін меңгерудің барлық дағдыларын (оқу, жазу, сөйлеу, шетел тілін түсіну) дамытуға көңіл бөлінеді. Оқыту барысында студенттердің материалды меңгеру сапасының тұрақты мониторингі жүргізіледі. Әр деңгейдің аяқталуына қарай тыңдаушылар емтихан тапсырады және тілді меңгеру деңгейі көрсетілген сертификатты алады. Оқытудың ұзақтығы әрбір деңгейде әр түрлі. Оқу құралдары мен материалдарды тыңдаушылар ТЕГІН алады.

Ағылшын тілін қандай мақсатпен (саяхат, жұмыс, қосымша білім) үйренгіңіз келетініне қарамастан, қажетті курсты таңдап, сіз оған міндетті түрде қол жеткізесіз.

Бүкіл оқытушылар құрамы – бұл оқытудағы жеткілікті тәжірибесі бар және кез келген студентке өз амалын таба білетін білікті мамандар.

Біздің жүйе уақыт сынағынан өткен және жеткілікті тиімді болып табылады. Ағылшын тілін оқыту бойынша қызметтерімізді ұсына отырып, біз өміріңізді түбегейлі өзгертуге көмектесеміз. Өйткені шетел тілін білу тек қана кәсіптілік емес, сондай-ақ жеке өсу үшін де көптеген мүмкіндіктерді ашады.

Copyright © Business IQ, 2024
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru
Әзірлеуші – «Web-inSite» студиясы