Ағылшын тілін үйреніңіз – уақыт күтпейді!
Business IQ оқу орталығы Орал қаласында балалар мен ересектерге ағылшын тілін үйрету
+7 778 341 24 83 +7 777 088 70 30 +7 7112 504 117 Орал қ., Досмухамедов көш., 43

Тіл иесімен ағылшын тілі

Сіз ағылшын тілін әлдеқашан үйреніп жатырсыз және алған біліміңізді тәжірибе жүзінде қолдануға дайынсыз. Сіз мүмкіндігінше көбірек сөйлескіңіз келеді. Шетелге шықпастан мұны жасау мүмкін бе? Ия, бұл әбден мүмкін!

BIQ оқу орталығы өз клиенттеріне тілдік машықтанудың тұрақты мүмкіндігін береді – Кипрден келген тіл иесімен жүйелі сабақтарды ұсынады.

Бұл сабақтардың біздің студенттеріміздің арасында аса зор танымалдығы бар. Орталықта үшінші жыл оқытушы Ибрагим қызмет атқарады. Ол Кипрдегі Еуропалық Университті бітірген, содан кейін Кембриджде ағылшын тілінің оқытушысы мамандығына оқыған. Оның оқытушылық қызметінде бай тәжірибесі бар.

5,5 жыл Кипрдегі американдық колледжде ағылшын тілінің оқытушысы қызметін атқарған және 4,5 жыл мемлекеттік мекемелерде ағылшын тілінен сабақ берген.

2012 жылдан бастап Орал қаласында тұрады. «Еуразия» институтында, «Болашақ» оқу орталығында ағылшын тілінің оқытушысы болып жұмыс істеген және қазіргі уақытта «Business IQ» оқу орталығында сабақ береді. Оның жалпы жұмыс өтілі 15 жылды құрайды.

ОНЫҢ САБАҚТАРЫ НЕЛІКТЕН СОНШАЛЫҚТЫ ҚЫЗЫҚ:

  • ол қажетті біліктілікке ие және тамаша маман болып табылады
  • ол сабақ берудің өз бағдарламасы мен әдеттегіден тыс әдістемесін әзірлеген
  • оның сабақтарында сенімгерлдік, өзін өзі еркін ұстайтын жағдай жасалған/div>
  • тыңдаушылармен қарым-қатынасы ағылшын тілінде жүреді.

Ибрагим сабақтарын топтармен, шағын топтармен және жекелей өткізеді.

IELTS және TOEFL халықаралық емтихандарын тапсыруды қалайтындар үшін біз оны ең нәтижелі маман ретінде ұсынамыз.

Ол бизнес-курсты және іскерлік ағылшын тілін жүргізеді, сонымен қатар студенттерді магистратураға, НЗМ-ға және шетелдік оқу орындарына түсу үшін дайындайды. Одан басқа, ол шетелдік компанияларға жұмысқа орналасу үшін мамандарды сұхбаттасуға дайындайды.

Оның барлық тыңдаушылары өз мақсаттарына табысты қол жеткізіп, оқытушының және орталықтың атына алғыстарын білдіреді.

Speaking Club-тың апта сайынғы отырыстары үлкен танымалдылыққа ие, оларға барлық тілек білдірушілер әр жұма күндері сағат 18-ден 19-ға дейін мүлдем тегін қатыса алады.

Сіз ештеңе айта алмайтыныңыз туралы алаңдамауыңызға болады. Ұсынылатын тақырыптардың ауқымы соншалықты кең, ал атмосфера мейірімді болғандықтан, Speaking Club-қа қатысу бірін қалдырмай барлық адамдарда қызықты болады.

Сізге тек бір рет қана келу қажет, және сіз әр жұма сайын біздің орталығымызға келуге тырысасыз, ал келешекте, бәлкім, BIQ оқу орталығының тыңдаушысы болып қалуыңыз да мүмкін.

Copyright © Business IQ, 2022
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru
Әзірлеуші – «Web-inSite» студиясы