Ағылшын тілін үйреніңіз – уақыт күтпейді!
Business IQ оқу орталығы Орал қаласында балалар мен ересектерге ағылшын тілін үйрету
+7 778 341 24 83 +7 777 088 70 30 +7 7112 504 117 Орал қ., Досмухамедов көш., 43

On-line оқыту

Компьютер мен ғаламдық тордың пайда болуымен мультимедиялық нысандарды және On-line интерактивті жаттығуларды пайдалану арқылы электронды түрде оқу материалдарын рәсімдеудің немесе оқытушымен немесе өз бетінше оқудың мүмкіндігі пайда болды, интернеті немесе компьютері бар барлық адамдар үшін ағылшын тілін үйренуді қолжетімді етті.

On-line оқыту ыңғайлы, үнемді және келешегі бар. Бірақ ол дербестіктің және өзін-өзі ұйымдастырудың белгілі бір үлесін талап етеді, тек сонда ғана ағылшын тілін қашықтықтан оқып білу елеулі нәтижелерді әкеледі, тиімді болады, және сіз өз алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетесіз.

On-line оқыту біздің оқу орталығымызда, оқытудың басқа түрлеріне қарағанда, сирек қолданылады.

Әдетте, бұл скайп бойынша тыңдаушылармен келісілген белгілі бір сағаттар мен күндерде өткізілетін жекелей 60-минуттық сабақтар. Алдын ала шарт жасалады, кесте құрастырылады, барлық қажетті материалдар ұсынылады.

Оқу бағдарламасы біздің барлық тыңдаушыларымыз айналысатын бағдарламадан ерекшеленбейді. Сіз кіру тестілеуін біздің сайтта тапсыра аласыз.

СКАЙП АРҚЫЛЫ ОҚУ СІЗГЕ ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР БЕРЕДІ?

  1. Сіз жолға уақыт жоғалтпайсыз
  2. Оқуға жекелей амал сақталынады
  3. Сіз жеке репетиторлар ғана ие болатын оқытудың бірегей әдістемесін аласыз

Жалғыз кемшілігі – оқытушымен тікелей байланысыңыз жоқ және сабақтар интернет жұмысының сапасына байланысты.

Copyright © Business IQ, 2022
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru
Әзірлеуші – «Web-inSite» студиясы